wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмегін таратты. Шара облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болып өтті.

ҚМДБ Өскемен аймағы өкіл имамы Ермек Қасболатұлы: «Бүгін тұрмысы төмен отбасыларға азық-түліктің көмегін жасап отырмыз. Біз өкілдіктен қайырымдылыққа аса маңыз беріп келеміз. Қайырымдылық жасау ҚМДБ-ның негізі бағыттарының бірі» дей отырып, «Зекет» қорының атынан жасалып жатқан қайырымдылық көмегінің маңызына тоқталды.

Өкіл имам сонымен қатар «Ел үлесі-пәтерге» жобасының басталғанын айтты.

Қайырымдылық көмегіне қамтылған отбасылар облыстық мешітке алғыстарын білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk