wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің тапсырмасымен ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы Ресей Федерациясының Алтай Республикасы Қосағаш ауданына сапары барысында Ресей мұсылмандары діни басқармасының Мүфтилер кеңесінің тең төрағасы, Азия мемлекеттері бойынша Бас мүфти Шейх Нафигулла Ашировпен кездесті.

Әңгіме барсында өкіл имам руханият саласындағы екі жақты қарым қатынастың жаңа қарқынмен дамып келе жатқандығына тоқталды.

Ресей Мүфтилер кеңесінің тең төрағасы, Азия мемлекеттері бойынша Бас мүфти Шейх Нафигулла Аширов Қазақстанмен Ресей діни басқармаларының арасындағы ислами руханият саласындағы байланыстардың одан әрі нығая түсетіндігіне сенім білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk