wrapper

Соңғы жазбалар

Ұлық мереке Құрбан айт қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Жанұзақ ауылында жаңа мешіт ашылып, еліміздегі діни құлшылық ордасы тағы бір мешітпен толықты.

Жаңа мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ Діни істер бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев, ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы және өңірге белгілі ақсақалдар, қайраткерлер, аудан басшылығы қатысты.

Діни басқарманың бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев: «Бүгін Ата заң күні мерекесі. Ұлық мереке Құрбан айтпен қатарласа келген осынау мерекеде жаңа мешіт ел игілігіне беріліп отыр. Бұл үлкен мәртебе. Бұның барлығы Тәуелсіздіктің арқасы. Мен сіздерге ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің сәлемін жеткізіп отырмын» дей келе, жиналған халықты құттықтады.

Салтанатты шарада ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы Құран оқып, еліміздің амандығын тілеп, дұға жасады.

Жанұзақ ауылында ашылған бұл мешіт толықтай құрал-жабдықтармен жабдықталып, жамағаттың құлшылық жасауына барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

Салтанатты шара барысында ақсақалдар сөз алып, мешіт тұрғызған азаматтарға алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk