wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде еліміздің Ата заңы күніне арналаған дөңгелек үстел басқосуын өткізді.

Шараға ҚМДБ Діни істер бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев қатысты. Жиынды ашып, сөз сөйлеген ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы: «Бүгін еліміз үшін айтулы мереке-еліміздің Ата заң күнін атап өтудеміз. Тәуелсіздіктің арқасында осындай жетістікке жетіп отырмыз. Ата заң-ел Тәуелсіздігінің кепілі, мемлекеттігіміздің белгісі» дей келе, онда жазылған діни сенім бостандығына тоқталып өтті.

 Бұдан соң ҚМДБ Діни істер бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев сөз алып: «Тәуелсіздіктің арқасында асыл дініміз қайта оралды. Елбасымыздың бастамасымен дініміздің рухани құндылықтары халқымызбен қауышты. Алдағы келе жатқан Құрбан айт мейрамының мемлекеттік мереке ретінде белгіленуі соның дәлелі. Ата заңымызда көрсетілген зайырлылық қағидаларымен тамырласқан дәстүрлі дініміздің асыл құндылықтарын насихаттау маңызды міндетіміз» деп атап өтті.

 Ол сонымен қатар сөз барысында Діни басқармадан атқарылып жатқан шараларды және мемлекет тарапынан асыл дінімізге көрсетіліп жатқан қолдау туралы әңгімелей келе, Өскемендік діни қызметкерлерді келе жатқан Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk