wrapper

Соңғы жазбалар

Ұлық мейрам құрбан айттың таң арайымен таласа көк күмбезді Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітіне қаланың әр шетіне Құрбан айт мейрамын асыға күткен жамағат ағыла бастады. Мешітке кірген жамағаттың жүздерінен Құрбан айтқа деген сағыныш лебі есіп тұрды.

ҚМДБ Өскемен аймағның өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы жамағатты ұлық мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде Тәуелсіздіктің арқасында қайта жаңғырып, бүгінде Елбасымыздың қолдауымен мемлекеттік мейрам деңгейіне көтерілгенін айта келе, Құрбан айттың қайырымдылық пен ізгілік мерекесі екендігі баса тоқталды. Сөз соңында «Елімізге амандық, жұртымызға тыныштық, отанымызға бейбітшілік тілеймін, Құрбан айт құтты болсын» деп, жамағатқа ізгі тілегін жолдады.

Бұдан соң айт намазы оқылған соң Құрбан шалу және облыстық мешіттің алдындағы алаңда мерекелік шаралар да басталып кетті.

Өскеменде құрбан шалатын арнайы орында халықтың қарасы биыл тіптен мол болды. Құрбан шалатын орынның реттілігіне айырықша назар аударылды.

 Мұнда ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, жамағатқа тегін бауырсақ таратылды. Мешіт алдында арқан тарту, қол күресі секілді ойындар ойнатылып, жыр, терме  шырқалды.

 Осылайша Алтай аясындағы қалың қазақ Құрбан айт мейрамын береке мен бірліктің мейрамы ретінде тойлап жатыр.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk