wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі ұлық мерекені реттілікпен, тәртіппен бір жүйемен өткізу үшін көптеген іс-шаралар жоспарлап, жүзеге асыруда. Биылғы Құрбан айтта мал соятын орынның реттілігіне баса назар аударылды. Құрбан шалатын орында даяшылық жасайтын адамдарға, қасапшыларға облыстық «Халифа Алтай» мешітінде арнайы жиын ұйымдастырылды. «Биыл мал соятын қасапшыларға бірыңғай форма киім кигізіп отырмыз.

Сонымен қатар оларға малды халал сою туралы арнайы дәріс берілді. Құрбан айт мейрамын жоғарғы деңгейде өткізу басты парызымыз» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушылар.  Жиынға қатысқан 70-тен астам қасапшыға арнайы киім таратылды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk