wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облысындағы тағы бір ауылдың балалары жақын болашақта жаңа мектепте оқитын болады. Тиісті тапсырманы облыс әкімі Даниал Ахметов Күршім ауданына барған іссапарында берді.

Ұрынқай мектебінің балалары 2011 жылдан бастап апаттық мектепте білім алып келеді.  Аймақ басшысы балалардың білім алып жатқан оқу ордасы жағдайымен танысып, аудан әкіміне, қажеттілікке байланысты, 80 немесе 100 орындық мектептің типтік жобасын әзірлеп, ұсынуды тапсырды.

– Типтік жобаны тауып, жақын болашақта қажет құжаттардың бәрін дайындау керек.  Балалар жайлы жағдайда білім алуды қамтамасыз ету біздің басты міндетіміз,– деді Даниал Ахметов.

Ұрынқай болашағы бар ауыл. Бүгінгі таңда мұнда көптеген жас отбасылар тұрып жатыр. Егер қажеттінің бәрі қол астында болса, туған өлкесінде қалатындар саны да көп болмақ деп сөзін түйіндеді облыс басшысы.

ШҚО әкімі баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk