wrapper

Соңғы жазбалар

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасына арқау болған еліміздегі киелі орындардың тарихын зерделу мақсатында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі бірқатар шаралар жоспарлап, іске асыру үстінде.

Өткен демалыс күндері Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде білім алып жатқан имамдар мен облыстық мешіт қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы өлкесіндегі «Ақбауыр» қорығына саяхат жасады.

Мұнда жол бастаушы тарихшы маман имамдарды қорықтың тарихымен таныстырып, Ақбауыр тауындағы үңірлерді аралатты. Олардың тарихына тоқталып, діни қызметкерлерге мол мағлұмат берді.

«Тарихымыды тану соның ішінде әсіресе жер тарихын зерделеу барлығынан да маңызды. Біздің өлкеміз тарихи орындарға бай. Туған жердің тарихын діни қызметкерлерге таныстырудың маңызы айырықша» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушылар.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk