wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Қасболатұлы Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағаттарымен жүздесіп, уағыз айтты.

«ҚМДБ-ның тапсырмасы бойынша республикалық Бас мешітте астаналық жамағаттармен жүздесіп отырмын. Бұл шара Діни басқарманың  уағыз-насихат жұмыстарын халық арасында жаңа бағытта ұйымдастырып жатқандығының бір көрінісі болып табылады. Елорда тұрғындарының асыл дінімізге деген айырықша ықыласы қуантты» деп атап өтті, сөз басында, Ермек қажы Қасболатұлы.

Ол Елорда жамағаттарына исламның құнды тағылымдарынан тұщымды уағыз айттып, жамағаттар арасынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Ермек қажы Қасболатұлының уағызын Астана жамағаттары айырықша ықыласпен тыңдады. Ол насихат соңынан жамағаттармен емен-жарқын әңгімелесіп, жат ағымдар мәселесі жайлы құнды ойларын ортаға салды. Сонымен қатар Діни басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы да айтып өтті. 

Республикалық Бас мешіттің жамағаттары Өскеменнің өкіл имамына өз ризашылықтарын білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk