wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің бастамасымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде 3 айлық діни білім жетілдіру курсында білім алып жатқан шәкірттермен өңірдің аудан имамдары кездесу жасады.

Кездесу барысында Өскемен өңірінің имамдары өз аудандарына қарасты имам жетіспейтін мешіттерге шәкірттерді қызметке шақырды.

«Өскемен өңірінің кей ауылдарында имамдар жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін имамдыққа беймімі бар азаматтарды оқытып отырмыз. Әліде имам-молдалар жетіспейтін ауылдарға діни сауатты маман табу күн тәртібіндегі мәселе болып тұр. Бұл іске облыс басшылығы да аса көңіл бөліп отыр» деп атап өтті, имамдар мен шәкірттер алдында сөз алған Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин.

Кездесуде сөз алған аудан имамдары діни мамандар жетіспейтін ауылдарды атап, онда қызметке барған имамға көрсетілетін әлеуметтік көмекке тоқталып, ауылдар жайлы толық мағлұмат берді.

 Әңгімелесу барысында бірнеше аудандардағы имам жетіспей тұрған мешіттерге қызметке баруға тілек білдіруші шәкірттер  де табылды.

 Жиында шәкірттер өздеріне білім алу үшін мұнда жан-жақты мүмкіндік жасалғандығын айта келе, өздеріне қызмет ұсынған имамдарға алғыстарын білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk