wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағына қарасты қала, аудан имамдары Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде бас қосты. 

 Жиналыста келе жатқан қасиетті Құрбан айт мейрамына дайындық мәселелері пысықталып, өткізілетін шаралар жоспары талқыланды. Сонымен қатар өңір мешіттерінің бастапқы 7 айда атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы міндеттер белгіленді. Жиында әсіресе кері ағымдарға байланысты жасалып жатқан жұмыстарға аса назар аударылып, имамдарға бұл бағытта тапсырмалар берілді.

 «Өңір бойынша атқарған шараларды саралап отырмыз. Алда үлкен міндеттер тұр. Біз әсіресе кері ағымдарға қарсы бағытталған шараларды жаңа қарқынмен іске асыруымыз керек. Осы бағыттағы Діни басқараманың тапсырмаларының өңірде орындалуын басты міндет ретінде назарда ұстаймыз» деп атап өтті, жиын барысында ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы.

 Жиында өңірге қарасты қала, аудан имамдарына бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk