wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі өңірге қарасты барлық мешіттерге «Мектепке жол» акциясына атсалысып, мұқтаж отбасылардың балаларын мектепке дайындауға қол ұшын беру және бастама көтеріп қайырымдылық шараларын атқаруды тапсырған болатын.

Осы бағыт аясында Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық «Дінмұхаммед Қонаев» мешіті бірқатар шаралар атқаруда.

Өткен аптада осы мешіттен «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында Риддер қаласында тұратын тұрмысы төмен .......  отбасының балаларына  мектепке қажетті оқу құралдар берілді.

«Біз өкілдіктен жүктелген міндет бойынша жыл сайын осындай игі дәстүрді жүзеге асырып келеміз. Тұрмысы төмен отбасыларға көмектесу аса сауапты іс. Мешіт тарапынан қайырымдылық мәселесін қашанда басты назарда ұстап отырмыз» деп атап өтті, осы мешіттің бас имамы Мұратжан Исмайлов. 

 Ата аналар қауымы осынау игі қайырымдылық шарасы үшін «Дінмұхаммед Қонаев» мешіті ұжымына шынайы алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk