wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі аудан, қала имамдарына дәстүрлі «Мектепке жол» акциясын бастауды тапсырған болатын.

 «Акцияның басты мақсаты: мұқтаж отбасыларың балаларын әлеуметтік қолдау болып табылады. Жыл сайын осы акция аясында көптеген көмекке зәру көптеген отбасыларға қайырымдылық жасалып келеді. Биыл осы үрдіске сай әлеуметтік аз қамтылған топтарға көмек көрсетіп отырмыз. Бізге өкілдіктен осы бағытта міндет жүктеген болатын» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушы, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылы «Байжігіт баба» мешітінің бас имамы Аманкелді Жарасов.

 Акция барысында Ақжар ауылдық «Байжігіт баба» мешіті тұрмысы төмен 50 отбасының балаларына қайырымдылық жасады. Мұнда мектепке қажетті оқу-құралдар мен киім-кешек, мектеп формасы үлестірілді.

 Қайырымдылық шарасына қамтылыған отбасылар мешіттен жасалған осынау көмекке риза болғандықтарын айтып, алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk