wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі аудан имамдарына ауыл, аудан мешіттері жақсы істерге ұйтқы болып, демеуші азаматтар арқылы игілікті істерге бастамашы болу туралы тапсырмалар берген болатын.

Осындай тапсырма, бағыт-бағдардың аясында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Ұранхай қажы» мешітінің ұйтқы болуымен осы ауданның «Екпін» ауылында игі шара жасалды.

Ауылдың іскер азаматы Дулат Тұрсынұлы өз қаражатымен ауылдық мешіт жанынан  жанынан кіші футбол алаңын жасады және екі ауылдың ортасына жол салып берді.

«Кәсіпкер Дулат Тұрсынұлы бауырымыз Алланың разылығы  үшін, ел игілігіне деп мешіт жанынан футбол алаңын, ауыл ортасына жол салып берді. Бұл игі іс туған жерді көркейту бастамасына үн қосу болып табылады. Біз үнемі кәсіпкер азаматтарға туған елді көркейтуге үлес қосуға шақырып отырамыз. Бұл сауапты шара соның бір нәтижесі» дейді, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының бас имамы Айдын Жортымов.

Ауыл тұрғындары кәсіпкерге және салауатты істің ұйтқысы болған аудан мешітіне ризашылықтарын білдіруде.

ҚМДБ ШҚО Өскемен аймағы бойынша баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk