wrapper

Шығыс Қазақстан облысы Тарбатай аудандық мешіті өткен жылдан бері көкөніс өсіруді қолға алып, дамытып келеді. Қазір үлкен аумаққа әртүрлі көкөніс өсіріп отыр

«Бізге ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінен мешіттің шаруашылығын дамыту туралы арнаулы тапсырма берген болатын. Осы тапсырманы іске асыру, мешіттің өз шығындарын өтеу мақсатында осындай үлкен алқапқа көкөніс салдық. Бұл іске білікті дихандарымыз көмектесіп, өнімдердің өсіру ісіне тікелей ат салысып отыр. Бұйырса биылда мол өнім алғалы отырмыз. Алған көкөністерімзді мұқтаж отбасыларға қайырымдылық ретінде таратамыз сонымен бірге мешіттің шығындарын өтеуге жұмсаймыз» дейді, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының бас имамы Айдын Жортымов. 

Ол сонымен қатар аудандық әкімдік  көкөніс  салуға мешітке егістік  жер  беріп, игі бастамаларын үнемі қолдап отырғандығын айтты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk