wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің бастамасымен облыстық «Халифа Алтай» мешітінде 3 айлық діни курста оқып жатқан имамдармен молдаларға «Құнанбай» тарихи фильмі көрсетілді.

«Дін және тарих тағылымы» бастамасының аясында қазақ халқының өткен тарихын танып білудің маңызы аса зор. Әсіресе ұлтымыздың белгілі тұлғаларын насихаттаудың орны айырықша. Біз осы бағытта имамдардың тарих туралы таным-түсінігін кеңейту, халқымыздың ұлы тұлғаларын ұлықтауда бірқатар шаралар жоспарлап, атқарып келеміз. Бүгінгі шараны  осындай игі істердің жалғасы ретінде ұйымдастырып отырмыз» деп атап өтті, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин.

 Көркем фильмді облыстық мешіт қабырғасында дәріс алып жүрген имамдар тамашалады. Олар осынау тарихи кинодан мол әсер алып, ұлт ұлыларының  тағылымы мен өнегесіне тәнті болғандарын айтты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk