wrapper

Соңғы жазбалар

Биыл ҚМДБ-ның жанынан «Тауаф» атты қажылық компаниясы құрылған болатын. Діни басқармадан осы компанияны насихаттау, биылғы қажылықты ұйымдастыру туралы тапсырма берген болатын.

Осы тапсырма аясында өткен жұма күні ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі өңірге қарасты аудандық, қалалық мешіттерде «Тауаф» қажылық компаниясының таныстырылымын өткізді.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өткен шарада ҚМДБ Өскемен аймағы өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы жиналған халыққа қажылық парызы туралы айта келе, «Діни басқарма қажылық рәсімін жүйеге түсіру мақсатында биыл «Тауаф» қажылық компаниясын құрды. Қажылық құлшылық рәсім. Бұл іспен Діни басқарманың айналысу өте дұрыс бастама деп ойлаймын. Қажылыққа барғысы келген жамағаттарымыз осы компанияны таңдаса құба-құп болар еді» деп атап өтті. 

 Іс-шарада осы компания туралы парақшалар таратылып, бейне ролик көрсетілді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk