wrapper

Соңғы жазбалар

Қайырымдылық шараларын барынша кең көлемде жасау туралы ҚМДБ-дан берілген тапсырмалар бойынша Өскемен аймағы өкілдігі қайырымдылық шараларына баса мән беріп келеді.

«Қайырымдылықтың сауабы аса мол. Біз әлеуметтік аз қамтылған, топтардың картасын тізімін жасап, сол бойынша көмек жасап келеміз. Бұл іске өңірге қарасты барлық мешіттер белсенді түрде ат салысуда» деп атап өтті, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің  наиб имамы Дәулет Қабидолдин.

Қайырымдылық аясында «Өскемен орталық мешіті» тұрмысы төмен отбасыға қаржылай көмек көрсетті. Ал облыстық «Халифа Алтай» мешітінің имамдары  бірқатар мүмкіндігі шектеулі отбасыларға барып, қажетті заттармен көмек жасады.

Шығыс Қазақстан облыстық

«халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk