wrapper

ҚМДБ-дан «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабын халыққа насихаттау туралы өкілдіктерге арнаулы тапсырма берген болатын. Осы тапсырма аясында және өткен жылы ұйымдастырылған «Өскемен өңірі қарияларының  I форумының» қарарын жүзеге асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде басқосу болып өтті.

 Жиынға қалалық және облыстық мешіт имамдарымен ақсақалдар қатысты. Басқосуда  Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы талқыланды.

 «Дәстүрлі исламдағы шариғат талаптарына сәйкес жерлеу рәсімдерін жолға қою өзекті мәселе болып отыр. Қазіргі таңда халық жерлеу рәсімдерінің бірізділікке түсуін қалап отыр» дей келе, аталған кітапты  насихаттау, осы бағыттағы шараларды жетілдіру атап айтқанда табыт, кебін мәселесіндегі, бірізділік жайлы мәселелерді ортаға салып, имамдарға арнайы тапсырма берді.

 Жиынға келген ақсақалдар да осы тақырыпқа үн қосып, мәйітхана мәселесі жайлы өздерін толғандырған ойларын ортаға салып, жергілікті басшылыққа бірқатар ұсыныстар жеткізуге уағдаласты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk