wrapper

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде қасиетті Рамазан айында сауат ашу курсының шәкірттері ай бойы алған білімдерін саралап, сынақ тапсырды.

«Шәкірттерді алғашқы күннен бастап ынталандырып, оқыттық. Өздері оқуға аса белсенді болды. Ата-аналары оларды оқудан қалтырған жоқ. Біз оларға барлық мүмкіндікті жасадық. Міне, білімдерінен сынақ алып, жақсы баға алған шәкірттерді жылдағы дәстүр бойынша марапаттап отырмыз» деп атап өтті, «Халифа Алтай» мешітінің ұстаздары.

Сынақты жақсы тапсырып, барлық сұрақтарға мүдірмей жауап берген шәкірттерге сыйлықтар тапсырылды. Ең үздік нәтиже көрсеткен шәкірттер велосипедпен, басқалары бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар барлық шәкірттерге үздік оқығаны үшін марапат берілді.

Ата-аналар қауымы бір ай бойы балаларына сапалы білім беріп, имандылық нәрін сепкен мешіт ұстаздарына ақ алғыстарын білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk