wrapper

Соңғы жазбалар

Мешіт жамағаттарының білімдерін көтеру бағытындағы Діни басқарманың тапсырмаларына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мешіті намаз оқитын мешіт жамағаттары арасында қасиетті Рамазан айында «Ілім сайысын» өткізді. Сайыс бірнеше кезеңнен ұйымдастырылып, ақтың мәресі Ораза айтта аудандық мешітте өтті.

Сайысқа мешіт жамағаты қыздар қатысып, өздерінің діни білімдерін сарапқа салды.

«Бұл шара мешіт жамағаттарының сауаттылығын арттыру, оларды басқа жамағаттарға үлгі ету, асыл дінімізді насихаттауға бағытталып отыр» деп таныстырды, Зайсан ауданының бас имамы Тимур Елеуов.

Сайысқа қатысқан білімді қыздардың ортасынан озып шығып, 1-орынға ие болған Динара Бақтиярқызы марапталып, 75 мың теңгемен сыйланды Кейінгі орын иелері Қарлығаш Сағдақызы мен Назым Орақбайқызы  ақшалай сыйлықтармен сыйланды.

Ілім сайсын тамашалуаға келген жамағат қатысушылардың жоғарғы дайындығымен бағалаудың әділ өткендігін айтты.

Шығыс Қазақстан облыстық

"Халифа Алтай" мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk