wrapper

Соңғы жазбалар

Қасиетті Рамазан айы Өскемен қаласындағы мешіттер үшін жарқын жаңалықтарға толы ай болды. Өскемен калалық "Мұхамади" мешітіне жаңа кілем төселді. 

"Біз қасиетті Рамазан айында жамағатқа тарту ретінде мешітке жаңа кілем төседік. Бұл мешітіміздің көркемдігімен, тазалығына ерекше өң берумен қатар жамағаттардың намаз оқуына да қолайлы болды" деді, аталған мешіттің бас имамы ИбраҺим қажы Қарнақбайұлы.

Мешіт ұстау – рухани әрі материалдық жағынан мешітті қамтамасыз ету болып табылады, әрі мұсылмандардың құлшылық орны, Алланың жердегі үйі.

Осы себепті де, осындай игілікті шараларды жүргізу, мешітті жоғары дәрежеде ұстай білу, әрбір имамның міндеті болуы тиіс.

Шығыс Қазақстан облыстық

"Халифа Алтай" мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk