wrapper

Соңғы жазбалар

Қасиетті Қадір түнгі құлшылықтан соң Бас мүфтидің тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық "Халифа Алтай" мешітінен 3500 жамағатқа сәресі берілді.
"Өскемен қаласының ауқымы кең.  Қадір түнінен шыққан жамағат сәресіне үлгермейтіндіктен осындай мүмкіндік жасап отырмыз. Осы дастархан 3500 адамға жайылды. Мешітіміздің барлық қызметкерлері Рамазан айы бойында кірпік ілмей  жамағатқа қызмет етіп жатыр. Рамазанның берекеті сіздерге болсын" деп атап өтті, ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы ораза тұтқан қауым алдында.
Облыстық мешіттің осы бастамасы үшін жамағаттар да мешіт ұжымына алғыстарын жеткізді.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk