wrapper

Соңғы жазбалар

Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық жасау туралы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти хазіреттің Үндеуіне сәйкес ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі 300-отбасыға қайырымдылық көмегін таратты. Шара облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өтті.

Шараға Өскемен қаласындағы барлық мешіттер ат салысты. ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі Өскемен қаласы мен аудандар бойынша тұрмысы төмен отбасылардың әлеуметтік картасын жасап, ондағы отбасылардың хал ахуалымен жиі танысып, жәрдем беріп тұрады.

«Тұрмысы төмен әртүрлі ұлттан құралған  отбасыларыға қасиетті Рамазан айында сый ретінде азық-түліктің көмегін жасап отырмыз. Рамазан айында қайырымдылық жасауға аса мән берілді» деп атап өтті, ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы шараның басталуында.

Қайырымдылық шарасына қамтылған отбасылар өкілдікке өз ризашылықтарын жеткізді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk