wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы «Шемонаиха аудандық мешітінің» ұйымдастырған қайырымдылық шараларына қатысты.

Шара барысында Өкіл имам өз атынан «Шемонаиха техникалық колледжінің» балалар үйінде тәрбиеленген студенттеріне қайырымдылық көмегін жасады. Ол жастармен кездесуінде ең бастысы сапалы білім алып, елге қызмет ету керектігін айта келе, оқуларына табыс тіледі.

 Сонымен қатар өкіл имам аудан орталығында тұратын мүмкіндігі шектеулі отбасының жағдайымен танысты. Үй иесі аудандық мешіттің қыстық отын түсіріп бергендігін ризашылықпен жеткізді.

«Шемонаиха аудандық мешіті» әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған бірқатар отбасыларға әртүрлі тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түліктің көмегін көрсетті. 

 «Қасиетті Рамазан айында тұрмысы төмен отбасыларға көмек жасап отырмыз. Бұл аса сауапты іс. Біз Рамазан айында қайырымдылық шарасына аса мән беріп отырмыз» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушы Шемонаиха ауданының бас имамы Иврагим Еркінбай.

Шығыс Қазақстан облыстық

"Халифа Алтай" мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk