wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы жұмыс сапарымен Шемонаиха ауданында болды. Сапар аясында аудан жамағатымен жүздесіп, аудан әкімінің ұйымдастырған ауызашар шарасына қатысты.

 «Шемонаиха еліміздің шекара шебінде жатқан іргелі аудандардың бірі. Мұнда бірқатар шаруа атқарылып жатыр. Қасиетті Рамазан айында осындағы жарқын жамағат сіздермен жолыққаныма қуаныштамын» дей келе, аудандық мешітің жұмысын үнемі қолдап, рухани бастамалардың қолдаушысы болған аудан әкімі Амангелді Жәмелұлына алғыс білдірді. Сонымен қатар елімізге бейбітшілік тілеп, дұға жасады.

 Дастархан басында аудан әкімі Амангелді Тоқтаров мырза сөз алып, өкілдіктің жасалып жатқан шараларына оң бағасын бере келе,  бірлесе жұмыс жасайтындығын жеткізді.

 Ауызашар дастарханы үстінде «Шемонаиха аудандық мешітінің» ұйымдастырған жас-жеткіншектер тобы  діни ғибратты әндер мен жырларды орындап,  танымдық сауалдарға жауап беріп, жамағаттың көңіліне нұр септі.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk