wrapper

Соңғы жазбалар

Қасиетті Рамазан айында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті Өскемен қаласының тұрғындарының сұранысымен сүндет шарасын ұйымдастырды.

Демалыс күні облыстық мешіттің ауласы ата-аналары жетелеген жасөспірім балаларға лық толды. Осыған қарап-ақ ұлтымыздың мұсылмандыққа деген құлшынысын, пайғамбарымыздан (с.ғ.с) міндеттелген сүндет жасатуға деген талпынысын анық аңғаруға болады.

Сүндетке баласын әкелген қала тұрғыны: «Мешіт басшылығы біздің өтінішімізбен сүндет жасату шарасын ұйымдастырып отыр. Ұл баланы  сүндеттету ата-анасының бір міндеті болса керек. Бүгін балаларды осында әкеп отырмыз. Қасиетті Рамазан айында бұл бір үлкен сауапты іс» дей келе, мешіт ұжымына алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk