wrapper

Соңғы жазбалар

Жазғы демалыс қарсаңында Өскемен қаласының №39 орыс тілінде білім беретін мектебінің бір топ оқушылары Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітімен танысты.

Оларды бастап келген ұстадар тобы аталған мешіт қаланың көрікті ғимараттарының бірі болумен қатар, оқушылардың көргісі келетін, таным-түсінігін кеңейткісі келетін орындарыдың қатарында екендігін жеткізді.

Осы мешіттің Наиб имамы Досжан Үмбет  оқушыларға мешіт ішін таныстырып, аралатып тамашалатты.

 «Мешіт адамдары рухани тазаруға бастайтын орын. Мұсылмандар үшін және жалпы адамзат баласы үшін қасиетті орын болып саналады» дей келе, оқушыларға иман, отанды сүю туралы бірқатар тамаша тағылым айтып берді.

Өздерін жылы шыраймен қарсы алған мешіт ұжымына ұстаздар алғыстарын айтып, балалардың айтарлықтай жақсы әсер алғандықтарын жеткізді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk