wrapper

Соңғы жазбалар

Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Әйелдермен қыздар» секторының бастамасымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде қыздар арасында Құран жарысы өткізілді.

Сайысқа осы мешіттің қабырғасында білім алып жүрген шәкірттер мен қатар қала мешіттерінің жамағаты-әйелдер мен қыздар қатысты.

Қатысушылардың білімін саралауға облыстық мешіттің қыздар сауат ашу курсының ұстаздары қазылық жасады.

Құран сайысына қатысқандар Құранды барынша мәнерлі, әсерлі оқып, өз білімдерін ортаға салды.

Өзгелерден озып шыққан қатысушылар орындарға ие болып, марапатталды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халтфа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk