wrapper

Соңғы жазбалар

Қасиетті Рамазан айында қоғам қайраткерлерімен ел ағаларына құрмет көрсету мақсатында ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі Өскемен қаласына жаңадан тағайындалған қала әкімі Қуат Тұмабаевқа  және шығыстың зиялы қауым өкілдеріне  Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде ауызашар берді. Ауызашарға Өскемендегі өнер, мәдениет саласының майталмандарымен қоғам қайраткерлері, ел ағалары шақырылды.

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы: «Қаламызға жаңа басшы тағайындалып отыр.  Қазақта «Жас келсе іске» деген қанатты сөз бар»-дей келе, қызметіне сәттілік тіледі. Өкіл имам өз сөзінде өкілдік тарапынан атқарылып жатқан шаруаларға да тоқталып өтті.  

Ол сонымен қатар «Қасиетті Рамазан айында жайылған осынау ауызашар  дастарханында Тәуелсіз еліміздің дамуына үлес қосып келе жатқан шығыстың зиялы қауым өкілдері, аға буын қайраткерлер отыр.  Сіздердің өнегелі істеріңіз бізге үлгі»-деп, бүгінгі ауызашардың маңыздылығы жайлы да айтып өтті.

Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев сөз сөйлеп: «Ислам-адамгершіліктің, тазалықтың діні. Барлықтарыңызға Рамазан айы құтты болсын»-деп, ізгі тілегін білдірді.

Сөз соңында өкіл имам елімізге бейбітшілік, халқымызға амандық тілеп, дұға жасады.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk