wrapper

Соңғы жазбалар

Қасиетті Рамазан айында ізгілік, мейірімділік  шарасын жан-жақты өрістету туралы Діни басқарманың тапсырмасы аясында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі қайырымдылықты әртүрлі форматта жасап келеді.

Өткен жылы «Өскемен өкілдігінің бастамасымен елімізде алғаш рет жүзеге асқан «Имам такси» жобасы биылда жалғасын тапты.

«Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті бастаған Өскемен қаласындағы мешіттердің имам-молдаларымен ұстаздарынан және ерікті жамағаттан құралған 60-қа тарта көлік тұрғындарды тегін тасымалдап жүр. Олардың қатарында 2-3 жеңіл автобустар бар. Бастама халықтың көңілінен шығып отыр» деп атап өтті, ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы.

«Біз, қала тұрғындары «Имам таксиді» жылда Рамазанда асыға күтетін болдық. Имамдар тұрғындарды тасымалдау барысында  жол үстінде түйткілді сауалдарымызға жауап беріп, емен-жарқын пікірлеседі, осындай ізгілік қазіргі қоғамға ауадай қажет» дейді, мешіт жамағаты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk