wrapper

Соңғы жазбалар

Қасиетті Рамазан айының келуімен жаз айы басталды. «Гүл өссе-жердің көркі» дегендей, жазда Ұлы Жаратушы Алла Тағаланың кереметімен алуан гүлдермен көмкерілген  жер беті де ерекше бір түрленген сұлулыққа енеді.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті алдына гүлдер егілді. Жұпары аңқыған, үлбіреген түрлі гүлдер мешіттің әсем ғимаратына айырықша көрік беріп тұр.

«Мешітіміздің ауласының, алдының көрікті болуын үнемі назарда ұстаймыз. Жергілікті әкімдіктің қолдауымен мешіттің алдына түрлі гүлдер отырғызылып жатыр. Жаз бойы мешіт ауласы сәнді болып, келушілерге тамаша әсер береді. Қасиетті Рамазан айының басталуымен мешіт ауласын көріктендіріп жатырмыз» дейді, мешіт қызметкері.

 Облыстық мешіттің ауласын көріктендіру ісімен әкімдікке қарасты абаттандыру мекемесі айналысуда.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk