wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі дәстүрлі мереке-«1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне» орай «Балғындарға қуаныш сыйлайық!» атты мерекелік іс-шара өткізді.

Мейрамға орай безендірілген мешіт ауласына жазғы діни сауат ашу курсының шәкірттері және олардың ата-аналары жиналды.

Шара барысында балалар арасында әртүрлі спорттық сайыстармен қоса тапқырлық, танымдық ойындар өткізілді. Жарыстарға балалар өте белсенді қатысты. Ептілігімен, тапқырлығымен озып шыққан  өрендерге мадақтамалар мен сыйлықтар табыс етілді. Мерекеге қатысқан барлық балаларға тәтті таратылды.

Балдырғандар өз өнерлерін көрсетіп, әуелете ән салып, тақпақ айтты. 

Осылайша ашық аспан аясында балалар өз мейрамдарын көңілді өткізді. 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk