wrapper

Соңғы жазбалар

Өскемен қаласында «Достық үйінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы келелі басқосу болып өтті. «Достық» үйі басшылығы ұйымдастырған шараға ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы бастаған қалалық, облыстық мешіттердің имамдары қатысты.

«Жемқорлық жайлы исламда кеңінен айтылады. Дініміз жемқорлықты, парақорлықты қатаң айыптайды. Біз, қоғам болып жемқорлыққа қарсы тұруымыз керек. Елбасы биылғы халыққа жолдауында бұл туралы нақты тапсырмалар берді. Жемқорлыққа қарсы күресте әсіресе, қоғамдық ұйымдардың бастамасы аса қажет, біз жемқорлыққа қарсы барлық шараларға ат салысып келеміз» деп атап өтті, өкіл имам, өз сөзінде.

  Басқосуға қатысқан мемлекеттік және қоғамдық ұйым өкілдері өкіл имамның бастамасына қолдау білдірді.

 Жиынға қатысушылар сындарлы ұсыныстарын ортаға салып, сыбайлас жемқорлықпен күресті одан әрі  жетілдіру мәселесін талқылады.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk