wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Қасиетті Рамазан айында ораза тұтқан жамағаттқа   алғашқы ауызашар ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің атынан берілді.

Ауызашар дастарханы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің хатымханасына жайылып, 300-ден астам жамағат дәм татты.

 «Бүгінгі алғашқы ауызашарды ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти хазіреттің атынан ұйымдастырып отырмыз. Рамазан айы бойы мешітімізде үздіксіз 300  жамағатқа күнделікті жүйелі түрде ауыз ашқызуды жоспарлап отырмыз. Бұл шара аудандарда да жалғасын табатын болады. Сонымен қатар басқа да шаралар жоспарлануда» деп атап өтті, ауызашарда жамағат алдында ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы.

 Ауызашар дастарханында елімізге тыныштық, Елбасыға денсаулық тілеп, дініміз исламның көркеюіне арнап бата жасалды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk