wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облысы «Зайсан аудандық мешітінің» ұйымдастыруымен Зайсан ауданы орталығында қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған жамағаттарға арнап ҚМДБ Төрағасы, бас мүфти хазіреттің атынан ауызашар берілді.

 Жайылған дастарханға 200-ден астам жамағат жиналды. Олардың қатарында ауданның еңбек ардагерлері, ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, жастар болды.

 Дастархан басында Зайсан ауданының бас имамы Тимур Қайдарұлы: «Алғашқы ауызашарды Бас мүфти хазіреттің атынан беріп отырмыз. Қасиетті Рамазан айының бір берекеті-ауызашарда. Бұл бір жағынан бауырмалдықты және  ұлтымыздың бірлігін көрсетеді. Рамазан айында күн сайын ауызашар шарасы ұйымдастырылатын болады. Ауыз ашқызу дінімізде сауапты істердің қатарында» деп атап өтті.

 Жиналған қауым атынан сөз алғандар аудандық мешітке ықылас білдірді.

 Дастархан соңынан елімізге бейбітішілік тілеп, дұға жасалды.

ҚМДБ ШҚО бойынша баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk