wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі Діни басқармадан қасиетті Рамазан айына байланысты құттықтаулар мен үндеу, ораза кестесін тарату, Рамазан айы жайлы насихат шараларын жүргізу тапсырылған болатын.

Осы тапсырма аясында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық «Байжігіт баба» мешітінің бас имамы Амангелді Жарасов мемлекеттік мекеме басшыларына және кәсіпкерлерге Рамазанға байланысты ҚМДБ Төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің Үндеуін таратты.

Сонымен қатар Рамазан кестесі мен қасиетті ай жайлы парақшалар үлестіріп,  Рамазан айының сауабы мен тағылымы жайлы айтты.

Шығыс Қазақстан облыстық

 «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk