wrapper

Соңғы жазбалар

Қасиетті Рамазан айына санаулы ғана күндер қалды. Осыған байланысты ҚМДБ Өскемен аймағының имамдары жиын өткізді.

 Басқосуға өңірдегі ауылдан бастап облыстық мешітке дейінге барлық қызметкерлер толық қамтылды. Жиында мұсылмандардың қасиетті Рамазан айына дайындық мәселесі жан-жақты сараланды. Атқарылатын шаралар жоспары бекітілді.

«Рамазан айына арналған «Отыз күнге-отыз шара» жобасын бастағалы отырмыз. Яғни берекелі Рамазан айында отыз іс-шара өткізу жоспарланды.

Бұл жолы қайырымдылық бағытына аса мән берілетін болады. Себебі: қасиетті Рамазан-жақсылық, қайырымдылық айы. Барлығымыз бірлесе отырып, сәтті шараларды атқарамыз деп ойлаймын. Қасиетті Рамазанды тыңғылықты әзірлікпен қарсы алайық» деп атап өтті, өкіл имам.

 Сонымен қатар өкіл имам аудан, ауыл имамдарына арнаулы міндет жүктеп, мешіт жанынан жаздық сауат ашу курсын ұйымдастыру, медресе шәкірттерін іс-тәжірибеге тарту қатарлы бірқатар тапсырмалар берді.

Жиын ШҚО «Күршім аудандық мешітінде» өтті.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk