wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының бас имамы Тілейбек қажы Соянұлы аудан орталығында орналасқан 25/35 əскери бөлімінде сарбаздардың ант қабылдау шарасына қатысты. Салтанатты шарада отанымыздың тыныштығын күзетіп, сап түзеген сарбаздардың алдында ол сөз сөйледі. Бас имам сарбаздарға отан қорғау исламдағы ең абзал әрі аса сауапты іс екендігін жеткізді.

 «Отан қорғаушы сарбаздарға асыл дінімізде айырықша құрметпен қарауды бұйырған. Сарбаздардың шекара күзетіндегі әр сағаты, әр күні үлкен құлшылыққа пара-пар. Халқымызда әскери қызметкерлерге ерекше құрмет көрсетеді. Сарбаздар ерліктің және отаншылдықтың үлкен үлгісі» деп атап өтті, ол ант қабылдау рәсімінде.

 Бас имам сарбаздарға ақ батасын беріп, еліміз бен жұртымызға тыныштық, берекет, жақсылық тіледі.

Шығыс Қазақстан облыстық

 «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk