wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы имамдары табиғат аясына шықты. Олар еркін демалып, аудандағы ең көрікті жерде болды.

 «Алдымызда қасиетті Рамазан айы. Біз діни қызметкерлерімізді демалдырып, тың күш қуат жинап алуға осындай демалыс ұйымдастырып отырмыз. Табиғаттың сұлулығын тамашалап, таза ауаға шығу қызметкерлердің өзара ынтымағын, береке-бірлігін арттыратын іс. Біз имам молдалармен басқа да қызметкерлеріміздің еркін жұмыс істеуіне, денсаулығына әр кез көңіл бөлеміз» дейді, Зайсан ауданының бас имамы Тимур Қайдарұлы.

 Ол сонымен қатар өкілдіктің тапсырмасына сәйкес алдағы уақытта Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «киелі жерлердің георафиясын жасау» туралы бастамасына сәйкес, Зайсан ауданыдағы тарихи мекендерді анықтап, оны аралап, көріп, тарихын насихаттауды жоспарлап отырғандығын да жеткізді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk