wrapper

Соңғы жазбалар

Бүгін Өскемен қаласында қасиетті Рамазан айының қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа Мәжілісі өтті.

Алқалы жиынға Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұы, наиб мүфтилер – Серікбай қажы Ораз, Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ бөлім меңгерушілері, ҚМДБ-ның облыстардағы өкіл имамдары қатысты.

Басқосуда Рамазан айында қайырымдылық акцияларын көбірек ұйымдастыру, медреселерге шәкірт жіберу, «Зекет» қорының жұмысын жандандыру, пітір садақаның өлшемін бекіту, жаңа мешіттерге ат қою, мешіт ауласын көркейту, республикалық ақпараттық-насихаттық топтың жұмысын пысықтау, т.б. мәселелер талқыланды.

«Рамазан – сауапты амалдар мен қайырымды шараларды көбірек жасайтын маусым. Осы бағыттағы жұмыстарымызды жүйелі, нәтижелі жүргізуіміз қажет. Мешітке келген адамның өтініші мүмкіндігінше қанағаттандырылсын. Берілген әрбір тапсырманы мұқият орындаңыздар», – деп атап өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk