wrapper

Соңғы жазбалар

Бұл туралы Өскемен қаласында өткен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру және Халифа Алтайдың ғылыми мұрасы» атты халықаралық конференцияда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы баяндады.

«Ұлт көшбасшысы Қазақстан халқына рухани жаңғыруды жүзеге асыру үшін таяу арада қолға алуға тиісті міндеттерді де көрсетіп берді. Ол үшін латын әліпбиіне көшу және сапалы оқулықтарды әзірлеу керектігін ескертті. Біз Елбасының әліпбиді өзгертуге қатысты көзқарасын қолдаймыз. Бұл кезінде күштеп жүргізілген отаршылдық саясаттың сарқыншақтарынан арылу (деколонизация) қадамы екені түсінікті. Ал, оқулық мәселесіне келер болсақ, ҚМДБ аппараты ағымдағы жылы медресе-колледждерге арнап 25 жаңа оқулық жазуды жүзеге асырғалы отыр. Оған дін ғалымдары мен білікті мамандар тартылуда. Бұйырса, медресе мен сауат ашу курстарының шәкірттері өз мамандарымыз дайындаған төлтума оқулықтармен қамтамасыз етілетін болады», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

ҚМДБ Баспасөз қызметі

www.muftyat.kz 



Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk