wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ имамдардың білімін жетілдіруге аса назар аударып келеді. Бұл бағыттағы ұйымдастырылатын шаралар үнемі жалғасын тауып келеді.

Алматы қаласындағы «Нұр Мүбарак» ислам мәдеиеті университетінде осында 2 айлық курста білім алған имамдарға сертификат тапсыру рәсімі болып өтті.

 Салтанатты шараға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет арнайы қатысып, имамдарды құттықтап, сертификат тапсырды. Сонымен қатар білім жетілдірген имамдарға жаңа міндет жүктелгеніні де айтып өтті. Бас мүфти хазіреттің қолынан сертификат алған имамдардың қатарында Шығыс Қазақстан облысы «Күршім аудандық мешітінің»  наиб имамы Шәмерхан Ажы да болды.

Ол осы оқу курсына Өскемен аймағы өкілдігі атынан қатысқан болатын.

«Мен өкілдіктің ұсынысымен, аудандық мешіттің қолдауымен жоғарғы білікті мамандардан дәріс алып білімімді шыңдадым. 2 айлық дәріс өте сапалы, жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Мені осы дәрістен оқуға мүмкіндік берген Өскемен өкілдігіне, аудандық мешітке алғысымды білдіремін» деп атап өтті.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk