wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы «Қабдығали ата» мешітінде аудандық мешіт қызметкерлерімен және ауыл имамдарымен, кездесіп, жиналыс өткізді. Жиын барсында Қатонқарағай ауданының бас имамы Хидиров Шодихан қажы аудандық мешіт тарапынан атқарылып жатқан істер жайлы таныстырып өтті.

Бұдан соң өкіл имам: «Имамдарға қойылатын жаңа талап жайлы өткен II республикалық имамдар форумында қабылданған Тұжырымдамада анық жазылған. Бұл құжатты оқып танысып, жүзеге асыруға белсенді кірісуіміз керек» дей келе, алдағы міндеттерге тоқталды. Кері ағымдардан сақтану бағытындағы шараларды талдап, түсіндірді. Сонымен қатар алда атқарылатын міндеттер жайлы айтып, ауыл имамдарына нақты тапсырмалар жүктеді.

Аудандық мешітте тәлім алып жүрген шәкірттермен де кездесті.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk