wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облысы  Зайсан ауданында ЖАНТ кездесулер жаңа қарқынмен мемлекеттік ұйым мекемелерді қамтып, кең ауқыммен жүрілуде.

ЖАНТ мүшесі, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітнің наиб имамы Аслан Мұратұлы ШҚО Зайсан ауданы аумағында орналасқан әскери бөлімде болып, жауынгерлермен кездесу жасады.

Шараға әскери бөлім басшылығы мен сарбаздар жиналды.

«Исламда отан қорғаушыларға зор құрметпен қарау туралы көптеген өсиеттер бар. Сіздер байтақ отанымыздың шекарасын қорғап жүрсіздер, сарбаздарға деген ықылас барлығынан да артық болуы тиіс» дей келе, ол жат ағымдар туралы оның зиянын түсінікті түрде айтып берді. Ол сонымен қатар тағылымды хикаялардан да айтып өтіп, адамгершілік, имандылық туралы тағылымды насихат айтты.

Әскери бөлім басшылығы ЖАНТ мүшелеріне алғыс білдірді.

 Бұдан кейінгі кездесу аудандық азаматтық қорғаныс бөлімінің мамандарымен өтті. Жиында АНТ мүшесі жат ағымдардан сақтану жайлы айта келе, оның беліглеріне жан жақты тоқталды.

Қызметкерлер өз сауалдарын қойып, жауап алды.

Келесі кездесу Төтенше жағдай бөлімінің қызметкер мамандарымен өтті. Оған Зайсан аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

«ЖАНТ кездесулерінің мақсаты: жат ағымдардан сақтандыру, адамгершілік және ұлттық құндылықтарды насихаттау болып табылады. Осыған байланысты сіздермен кездесуге келіп отырмыз. Діни сауаттылық болмау салдарынан жат ағымдардық жетегінде кетуден сақтандыру, дұрыс діни түсінік беру кездесудің басты мақсаты» деп атап өтті, кездесуде Зайсан ауданының бас имамы Тимур Қайдарұлы.

 Басқосуда исламнан тағылымдар айтылып, «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» насихатталды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk