wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінен берілген тапсырмалар аясында Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының бас имамы Ибраһим Еркінбай осы ауданның Усть-Таловка кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жиында аудан имамы кері ағымдардың зардабы жайлы тұрғындарға кеңінен түсіндірді.

«Жат ағымдарға қарсы тұру басты мақсатымыз. Бізге еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігі, ұлттар ынтымағы барлығынан маңызды. Ислам діні жауыздықты ешқашан қолдамайды. Біздің дініміз адамдар арасындағы бауырмалдық пен татулықты сақтауға негізделген қағидаларға толы» дей келе, жат ағымдардың шығу тарихына да тоқталды.

 Ол өз әңгімесін нақты мысалдармен өрнектеп жеткізді. Сонымен қатар ол ауданның діни ахуалынан да айтып өтті.

Тұрғындардың қойған сауалдарына жауап берді.

Кент басшылығы татымды әңгімесі үшін аудан имамына алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk