wrapper

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында жұмыс сапарымен болды.

Мұнда өкіл имам «Қатонқарағай аудандық мешітінің» бастамасымен өткізілген «Дін және экстремизм» атты дөңгелек үстел шарасына қатысып, сөз сөйледі.

Аудандық прокурор, ішкі істер бөілімнің басшылар бас қосқан жиында діни лаңкестік пен кері ағымдардың алдын алу шаралары сөз болды. Ұсыныстар айтылды.

Бұдан соң өкіл имам ауданда ұйымдастырылған «Зайырлы мемлекет және дін» атты форумға қатысып, сөз сөйледі.

Өкіл имам өз сөзінде: «Зайырлылық қағидалары исламда кеңінен орын алған. Ислам адам құқығына құрметпен қарайды. Түрлі ұлттардың татулығы әр мемлекет үшін басты орында болуы тиіс. Өйткені ислам бейбітшіліктің негізігі өзегі. Елімізде ұйыған ынтымаққа үлес қосуымыз керек. Бүгінгі шара зайырлылық тақырыбын кеңінен қозғағандығымен ауқымды болып отыр» дей келе, кері ағымдардан сақтану жолдары мен бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың маңыздылыға жан-жақты тоқталды.

 Сонымен қатар өңір бойынша діни ахуалды да сараптап өтті.

Жиында «Аудандық ақсақалдар алқасының» төрағасы мен жастар ұйымымен басқа да қоғамдық ұйымдардың басшылары сөз сөйлеп, зайырлылық жайлы ойларын ортаға салды.

 Қорыта айтқанда, Қатонқарағай ауданында өткен ауқымды жиындарда діни лаңкестікпен күресу және  және исламдағы зайырлылық зерделенді.

 Жиынға Қатонқарағай ауданының бас имамы және ауылдық мешіттердің имамдары, жастар, құқық қорғау орындары мен білім беру саласының мамандары  қатысты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk