wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы орталығы Үлкен Нарында өкілдіктен аудан имамдарына  берілген тапсырма негізінде аудандық «Қабдығали ата» мешіттің бастамасымен «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық шарасы болып өтті. Жиын «Қатонқарағай аудандық мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығында» өтті.

Шараға ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы, Қатонқарағай ауданының әкімі  А. Нұрғожин, ауданның прокуроры С. Дюсенов, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы Қ.Саудуов қатарлы басшылар қатысты.

Шара аясында мүмкіндігі шектеуелі жандардың концерті және ауылдық қайырымдылық  филиалдарының ашылу рәсімі өтті.

Шарада сөз алған ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы: «Қайырымдылық жасау исламда теңдессіз сауапты істердің біріне жатады. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқор болудың және жалпы сипатта қайырымдылық жасау, мейірімділік танытудың маңыздылығы аса жоғары. Мүмкіндігімізше қайырымыдылық шараларын жасау алғысқа бөлейді. Өкілдік тарапынан берілген тапсырмалар негізінде  аудандық мешіттер осындай шараларға бастамашы болумен қатар әртүрлі қайырымдылық істерін әртүрлі форматта өткізіп келеміз» деп атап өтті, өкіл имам.

 Сонымен қатар аудан басшылығы да осындай шараға өз алғысын білдіріп, кез келген игі шараларды қолдайтындығын айтты.

Жиында өкіл имам және аудан имамы басқа да қатысушылар қайырымдылыққа өз үлестерін қосты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk