wrapper

Соңғы жазбалар

«Әйелдер-қыздар» секторының жұмысын жаңа қарқынмен дамыту туралы Діни басқарманың тапсырмасы аясында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Аналар тағылымы» атты шара өтті.

 Басқосуды облыстық мешіттің «Әйелдер-қыздар» секторының жектекшісі Фатима Қабдиева жүргізді.

Шараға «Шығыс Қазақстан облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының» маманы арнайы қатысып сөз сөйледі.

«Асыл дінімізде «Жәннат-ананың табанының астында» деп, аналарға құрмет көрсету туралы нақты көрсеткен. Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерінде анаға құрмет ету туралы тағылымды насихаттар айтылған. Біздің сектор аналарымызға, қыздарға өнегелік маңызы бар кездесу шараларын жиі өткізіп келеміз» деп атап өтті, кездесуде ұстаз Ф.Қабдиева.

 Ол сонымен қатар өз сөзінде қазақ халқында тұтас ұлттың мақтанышына айналған аналардың есімдерін атап, олардың өнегелі өмір жолынан насихат айтты.

 Басқосуға жаиналған аналар да өз ойларымен бөлісті.

Кездесу  тағылымға толы болды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk