wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі ЖАНТ аясында студент жастармен бірқатар кездесулер жоспарлап, жүзеге асыра бастады.

Шығыс Қазақстан облстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Мади Мухтанов Д.Серкібаев атындағы ШҚМТУ дың студенттерімен кездесті.

Кездесу кешкі уақытта студенттер жатақханасында болды.

«Біз сіздердің күндізгі оқу уақыттарыңызға кедергі болмайық деп кездесу шарасын әдейі кешкі уақытқа белгілеп , келіп отырмыз.

Қазіргі таңда жат ағымдардан сақтану үшін, исламдағы дұрыс және бұрыс көзқарастарды ажырата алатын діни сауаттылық болу маңызды. Біздің жолымыз дәстүрлі ислам-Әбу Ханафи мәзһабы. Ислам бейбітшілікті, татулықты қолдайтын дін» дей келе, ол жат ағымдардың адам өміріне тигізер зардаптарына тоқталды. Адасудан аулақ болуға шақырды. Сонымен қатар білімнің пайдасы, ата-ананы сыйлау тұрғысында да тағылымдық насихаттар айтты. Студенттерде өз сауалдарын қойды. Кездесу аталған оқу орнының екі бірдей жатақханасында ұйымдастырылды.

Жиында наиб имаммен бірге Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінің мамандары, мен осы оқу орнының жастар ісінің жетекшісі бірге болды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk